Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының м. а. кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарақаттану жағдайына түсініктеме берді
1 тамыздағы жағдай бойынша Қостанай облысының кәсіпорындарында 60 жазатайым оқиға тіркелді, оның нәтижесінде 69 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде – 8 өлім, 23 ауыр жағдай, 9-ы орташа және 29-ы жеңіл жазатайым оқиғалар. Көріп отырғаныңыздай, статистика көңіл көншітпейді, деп жазады «Наш Костанай»газеті.
Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 4 жазатайым оқиға аз болса да, нәтижесі оң болды – 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бір ғана адам қайтыс болды. Ауыр жарақаттарға келетін болсақ, биылғы жылы да көрсеткіштер өсті – 2021 жылы 21 осындай жағдай тіркелді. Орташа ауырлықтағы жарақаттар саны, керісінше, азайды, өткен жылы олар 14 болды. Жеңіл нәтиже болған жағдайда статистика өзгерген жоқ.