Қазақстанда 25 қазан – Республика күні Ұлттық мереке болып бекітілді

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Сонымен қатар, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды.

Бұған дейін Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен алып тастау мүмкін екені хабарланған болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *