Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады
10 қыркүйекте Рудный ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 32 жастағы азаматтың басқаруымен «ВАЗ-2110» көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының жүксалғышынан қоңыр түсті дақтары, тұяқтары және жануардың ұшасының фрагменттері бар қап табылды.
— Тексеру барысында Федоров ауданы Владыкинка ауылының маңында өзінің танысымен ер адам елікті тіркелмеген қарудан атып өлтіргені анықталды. Жануардың қаңқасы екіге бөлінді. Ер адамдарда елікті атуға рұқсат құжаттары болған жоқ, — деп хабарлады Қостанай облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкері Ғазретғали Әлімғазин.
Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.