Жұмылсақ – жұдырықпыз!

Жуырда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орын алған алапат өрт бүкіл ел жұртшылығын игілікті іске жұмылдырды. Халықтың көп бөлігі жапа шеккендерге азық-түлік, киім-кешек жөнелтіп жатса, басқалары өрт салдарын жоюға атсалысты. Жанын шүберекке түйіп, орманды тілсіз жаудан сақтап қалуға бар күш-жігерін жұмсаған өрт сөндірушілер де назардан тыс қалмады. Мысалға, Рудный мешітінің жамағаты  Әулиекөл ауданына барып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ыстық ас әзірлеп берді.

Айта кетейік, табиғи апаттың алғашқы күндері өртті ауыздықтауға “ССКӨБ” АҚ ауыр техникалары мен қызметкерлері жіберілді. Рудный, Қашар, Горняцк кентінің әкімшілігі де халықтан азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа қажетті заттарды жинастырып, гуманитарлық көмекті көліктермен Әулиекөлге жөнелтті.

Одан бөлек Рудный қаласындағы көптеген еңбек ұжымдары қайырымдылық қорларына ақша аударып, жұмылсақ — жұдырық екенімізді іс жүзінде дәлелдеді.

Айзат ИБРАГИМ

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *