Рудный ТЖБ жедел тобы бүгін, 21 қыркүйекте «Рудненский водоканал» ЖШС сүзу станциясының аумағында ведомствоаралық топтар құрамында дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді оқу-жаттығуды өткізу барысында авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен жоспардан тыс тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілгенін хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты «Рудненский водоканал»ЖШС сүзгі станциясының хлор шаруашылығында апат салдарын жою бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.