Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінде еске саламыз
МКД мамандары меншік құқығында үйлері, пәтерлері, гараждары, саяжайлары, үй жанындағы жер учаскелері, бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері және тұрақ орындары бар Қостанай облысының тұрғындарына жүгінеді. Біздің өңірде мүлік салығын төлеу бойынша міндеттемелері бар 275 мыңнан астам жеке тұлға бар, деп хабарлайды «Наш Костанай».
– Ағымдағы жылы Мемлекеттік кірістер органдарымен 2021 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы есебі жүргізілді. Бұл ретте бюджетке салық төлеуді 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей жүргізу қажет, — деп атап өтті МКД облыстық өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.
Ол 1 қазанда салық төлеуге болатын мерзімге кіретінін түсіндірді. Есептелген салық сомасы бойынша алдағы төлемдер туралы мәліметтерді Esalyqazamat мобильді қосымшасында «салық әмияны» – «бюджетпен есеп айырысу», «алдағы төлемдер» бөлімінде, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында көруге болады –
Егер азаматтың онлайн төлем жасауға мүмкіндігі болмаса, кеңес алу үшін МКД-ға телефон арқылы немесе жеке өзі хабарласа аласыз. Түсіндіру бөлімінің нөмірі-53-69-90.