Жұмыс апталығы Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтың басшылығымен қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен өткен кеңестен басталды
Күн тәртібінде – осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары. Өңірде ауыл шаруашылығында – 19,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 10,1%, құрылыс жұмыстарында – 8,3%, көтерме саудада – 5,4%, бөлшек саудада -4,8%, инвестицияларда – 3,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру -1,7 %, Көлік бойынша – 0,1% өсім бар. Өнеркәсіптік өндірістің нақты көлемінің индексі (НКИ) – 102% құрады.
Рудныйға келетін болсақ, биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға инвестициялар– 10,9%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 0,6%, құрылыс жұмыстары — 21,9%, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы – 3,6%, бөлшек тауар айналымының көлемі-13,6% сияқты бағыттар бойынша өсім бар. Бөлшек тауардың НКИ – 100% құрады.
Қалалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 113,1% — ға, шығыстар бойынша 100% — ға орындалды.
Жыл соңына дейін жоспарлы-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.