Менің өлкемнің тарихы

Республика күні қарсаңында «Рудный құрылыс және көлік колледжі» білім алушылары өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, туған қаласының тарихын тереңінен танып, білуден бастады.

Тарихқа көз жүгірту үшін Рудный қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Қала тарихы 1889 жылдан басталады екен. Себебі, бұл жылы орыс геологы А.А. Краснопольский Аят өзені бойынан қоңыр теміртас шығымын тапқан, ал 1946 жылы Ю.М. Поволоцкий, М.Р. Узбеков және Д.Д.Топорков басқарған Аят геологиялық-барлау экспедициясы жіберіледі. 1949 жылдың 12 ақпанында М.Г.Сургутанов Сарыбай шатқалының үстінен ұшып өтіп бара жатып, темір рудалы кен орнын тапты. Ал сол жылдың маусым айында геофизик Носиковтың отряды Соколов, Қашар, Ломоносов және тағы да басқа кен орындарын ашты.

Мұражай қызметкерлері білім алушыларға қаланың алғашқы қалануынан, ең бірінші құрылған 70 палаткадан басталатынын, қаланың алғашқы атауын қою да қиын болғанын айтып өтті. Қалаға алғашқыда «Рудногорск» атауы берілмек болғанын, бірі білсе, бірі білмес. Алғашқы көшенің бірі қазіргі Ленин көшесі бұрын «Солнечная» көшесі болған екен. Бұл көшелермен жастар ылғи жүреді, ескі ғимараттарды жастар ылғи көреді. Бірақ оның тарихын біле бермейді. Жастар Марите көшесімен жүреді, бірақ Марите кім екенін білмейді. Қаланың ортасында тұрған «Энтуазистерге» арналған ескерткіштің алдында суреттерге түседі, бірақ ол жастар кім екенін білмейді. Ал бүгін мұражай қызметкері бұл жастар кім екенін айтып түсіндірді. Жастар енді бұл ескерткіштерді көргенде, кім үшін, қандай ерліктері үшін қойылғанын біледі.

Туған қаламыздың тарихы, бұл біздің тарих. Егер тереңге үңілсең, әр көше, әр ғимарат сыр шертеді.

Мұражай бүгінде – бұл ғасырлық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, өз қаласы мен елінің тағдырына жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін ғылыми-зерттеу және мәдени-демалыс мекемесі.

Инеш САКТАГАНОВА

Рудный құрылыс және

көлік колледжінің оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *