«Балалар жылы» қорытындыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа маңызды көңіл бөлу және еліміздің болашағына қамқорлық жасау деңгейін көрсетсе керек. Осы орайда, Рудныйда қала әкімі Қ.Испергеновтың қатысуымен «Балалар жылын» қорытындылауға арналған іс-шара өтті.

Қуандық Хайдарұлы өз сөзінде жас қазақстандықтардың бақытты балалық шағы – жалпыұлттық міндет екендігін атап өтті. Сол себепті жыл басынан бері кеншілер қаласында балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған көптеген пайдалы жобалар іске асырылды. Мәселен, балабақшалар мен мектептерді жайлы ету, спорт секциялары мен инклюзивті кабинеттер ашу тағысын тағылар. Келер жылы осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Шара барысында №12 балабақша тәрбиешісі С.М.Дьячковаға Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасы табысталды. Рудный қаласы әкімінің грамоталарын №18 мектеп директоры А.Ж.Ерғазина, «Бақытты әйелдер Лигасы» ҚБ директоры И.А.Бондаренко, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы және даму сарайының жастармен жұмыс жөніндегі әдіскері Е.М.Ситникова, «Монетка» шағын маркетінің директоры А.О.Дмитриева алды.

Сондай-ақ әкімінің алғыс хаттарымен Жастар ресурстық орталығының әдіскер-психологы В.А.Мин, М. Дулатов атындағы мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі К.К.Қожахметов, №12 мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы У.С.Батракова, ЖРО әдіскері А.К.Шохова, биология пәнінің мұғалімі Ж. Құдайбергенқызы марапатталды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өңірлік бөлімшесі, Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы дамаңызды шарадан тыс қалмады. Жыл бойы балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, «Балалар жылына» арналған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бір топ қала тұрғынына өз марапаттарын беріп жатты.

Айзат ИБРАГИМ

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *