Контактілер ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылған. Құқық қорғау органдары шетелдік машиналарды заңдастыру рәсіміне 23 қаңтардан бастап кіріседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Қостанай облысының тұрғындары автокөлікті жария ету мәселелері бойынша 8 747 847 38 42 нөмірі бойынша жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, Қағидаларда автомобильдер 200 мың теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және кәдеге жарату алымынан босатыла отырып, заңдастыруға жататын нақты өлшемдер мен жағдайлар белгіленген:
автокөлік елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінді;
іздеуде жоқ;
басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылды;
кедендік тазартудан өтті.