Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін білу үшін анонимді әлеуметтік сауалнаманы бастады. Зерттеуге қатысу ерікті және құпия. Ешкім деректеріңізді анықтай алмайды.
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарына дейін сауалнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру процесіне қатысатын барлық нысаналы топтардың өкілдері қатысуы қажет. Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы Департамент әзірлеп жатқан «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» мен жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру қызметін жетілдіруге негіз болады.
«Қаламыздың тұрғындарының анонимді әлеуметтік сауалнамаға қатысуы бойынша жұмысты жандандырып жатырмыз. Сауалнама 16 сұрақтан тұрады. 5-10 минут уақытыңызды бөліңіздер. Сауалнамаға қатысу құпия, әрі ерікті түрде, сондықтан сұрақтарға барынша шынайы және объективті жауап беруіңізді сұраймыз», — дейді Рудный қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының жетекшісі Санат Исмағамбетов.
Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Ендеше, жемқорлықты жоюға үлесіңізді қосу үшін сауалнамаға өтіңіз.
Онлайн әлеуметтік сауалнама формасына сілтеме