Қашар кентінде жолдардың жағдайы қалай? Жергілікті халықты қандай мәселелер мазалайды, бірінші кезектегі өзекті мәселе шешімін табады ма және тағы басқа маңызды сұрақтардың жауабын білу мақсатында Қашар кентінің әкімі Саят Ахмеджановпен сұхбаттасқан едік.
– Саят Қайроллаұлы! Жолдарды, атап айтқанда, аула ішілік жолдарды жөндеу бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
– Қашар кентімізде 13 мыңға жақын тұрғынымыз бар. Жолдар жөнінде айтатын болсақ, халыққа жақсы, сапалы жол болу үшін былтырдан бастап қаланың басшылары қолдауымен 35 мың шаршы метр жол жасалды. Одан басқа 3-ші, 2-ші шағын ауданда осындай жұмыстар өткізілген. Енді, ағымдағы жылы 1-этаждық жер үйлер арасында 5,6 көшеге жақын жаңадан орта жөндеу жолын жасау жоспарда бар.
– Қараусыз қалған бос үйлер мен ішінара бос үйлердің жағдайы қалай?
– Бос үйлер туралы айтатын болсам, біздің кентімізде шамамен 10 ғимарат бар. Оның ішінде 3 ғимарат баланста тұр. Жақында қала әкімі жұмыс сапарымен келді. Мен басшыға қай үйлерге баса назар аудару керектігін көрсеттім. Алдағы уақытта комиссия тобы құрылып, Қашар кентімізде сараптама жүргізеді. Содан соң қала әкімінің айтуынша, болашақта бұл үйлерді жөндеп, кезекте тұрған халыққа пәтер беруге мүмкіндік туады.
– Қашар тұрғындары бассейн мәселесін шешуді талап етіп жүргендеріне біраз жыл болды. Осы жөнінде айтсаңыз…
– «Качарец Руда» атты АО қоғамы басшылары маған ақпарат ретінде жеткізген еді. Болашаққа бассейн салынады деп спортық кешеннің жанында жерді жоспарлаған едік. Мемлекет құзіретінен жер бөлінді. Қазір басқа каналдық кәсіпорыннан келісім алдық. Болашақта кедергілер туындамас үшін құжат толтырды. Қазіргі таңда олар жобалық-сметалық құжаттама жасауда.
– Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінің жағдайы қалай? Олар қандай жұмыс істейді?
– Бізде кооператив «Качарец» жұмыс істейді. Жалпы Қашар кентімізде 57 тұрғын үй бар. Оның ішінде төрт жарым мың пәтер бар. Қазір шамамен 54-55 үйге кооператив қызмет атқарады. Себебі, 1 үй жеке меншік, қарыз болу себепті 1 үйден бас тартты. Ол үйге қазір басшылар ерекше назар аударып жатыр. Техникалық сараптамалар өткізіп, қанша қаражат қажет екені анықталады. Қалған 1 үй МИБ-ке көшті. Пәтер иелерінің тұтыну коопертивтерінің жұмысы ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін болуы тиіс. Одан кейін барша үйлер МИБ-ке ауысады.
– Жылу жүйесін жабдықтау жұмыстары туралы не айтарыңыз бар?
– Кентімізде «Рудный жылу желілері» ЖШС қызмет көрсетеді. Жалпы Қашар кенті бойынша 13000,4 км бар, оның ішінде магистарлдық 5,8, тоқсандық 7,6. 2020 жылдан 2022 жылға дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 млрд 790 мың теңге қаражаттың 90 пайызы игерілді.
– Сұхбат бергеніңізге рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Сұхбаттасқан Арай МАРАТ