Қызыл гүлдер, қызыл орамалдар

Рудный құрылыс және көлік колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында  жыр сүйер қауым үшін  Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жылдығына және ҰОС аяқталуының 78 жылдығына арналған  «Қызыл гүлдер, қызыл орамалдар» деген атпен  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс «Оқитын колледж»  жобасы негізінде оқудың мәртебесін көтеру, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында  өткізілді. Сайысты дайындап өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Инеш Ашимовна Сактаганова мен Қуаныш Мухаметкалиевна Мустафина.

Жерлесіміз Сырбай  Мәуленов – қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды.

Сыр ағаның майдан даласында жазған жырлары әлі де өзекті. Айналамызда соғыс жүріп жатыр, ал сол соғыс майданында қанша ақын толғанып, қаншама өлең ой дәптеріне жазылды десеңізші. Сырбай Мәуленовтің соғыс даласынан оқырманына жіберген ақ адал сәлем хаттары ақ көгершін болып ақ қағаздың бетіне қонғандай. Сырбай Мәуленов соғыста нені көрсе, соны жазды. Ол үшін қиян-кескі ұрыс май­­даны, ажалдың әміршісіндей сұп-суық мыл­­тықтар, тұманы сейілмеген алаңдар бәрі-бәрі де өлеңнің алдында аласа болып елестейді.

«Соғыс тақырыбы маған әр кезде, әр түрлі жаадайда оралып отырады»-дейді Сыр аға.  «Соғыстан қайтқан солдаттар» деген өлеңінің шығу тарихы: «Мен 1943 жылдың жазында ауыр жараланып, Жаркөл станциясына қайтып оралдым. Осы станциядан көп жігіт майданға бірге аттанған еді. Мені майданнан келді дегенді естіп төңіректегі ауыл-аймақ түгел жиналыпты. Біреу менімен кеткен ағасын,  біреу сүйген жарын сұрап жатыр. Сірә, олар армияға алынған барлық адам бір жерде соғысады деп ойлайтын болуы керек. Мен оларға не деп жауап бере аламын. Міне, бұл өлеңнің тақырыбы сол кезде менің ойыма түскен болатын-деп өз ойын қорытындылапты ір кездері С.Мәуленов. Ал, бұл өлеңді нақышына келтіре орындаған колледж студенті Канабаев Талғат залда отырғандарды сол жылдарды студенттердің көз алдына салған секілді.

Ақын бізге «соғыс құрсын» деп ақыл айтпайды, ол адамзатқа, сосын оқырманына соғыстың қып-қызыл қаннан тұратынын ескертеді. Қолында берені, ойында өлеңі бар жап-жас ақын үшін әр сәт өмір мен өлім арасындағы тайталас болғаны шындық. Сонда да ол мына тіршіліктен, елінен, жерінен үмітін үзбейді. «Мен ораламын» деп асқақ мінезбен, айдарлы қалыппен сөйлейді. Жүрегі нені қаласа, тағдыры соны бұйырып, ақын соғыстан аман оралды да.

Жыр сүйер қауым жерлестері Сырбай Мәуленовтың өлеңдерін жылы қабылдады. Сайыс соңында әділқазылар алқасы колледж студенті Тұрдыбаев Сүндет Сыр ағаның өлеңін оқып, ал колледж кітапханашысы Буркитбаева Күлсара Сыр аға туралы өзі дайындаған бейне роликпен таныстырды.

Ал, сайыс болған соң жеңіс болады. 1-інші орынға 2 курс студенті Әбділда Алпамыс ие болды.

Колледж студенттері Сырбай Мәуленов туралы мол ақпарат алды және өлең оқуға деген сүйіспеншіліктері оянды деген сенімдемін.

Инеш САКТАГАНОВА,

Рудный құрылыс және көлік колледжінің оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *