Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара 2023 жылдың 15 маусымда 1 қыркүйек аралығында жүргізілетін болады.
Рудный қаласы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізілуде. Аталған іс-шараға жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қалалық прокуратурамен бірлесіп рейд жұмыстарын жүргізуде.
Полиция басқармасының мәліметінше, қазіргі күнде жүргізушілер жүкті жабынды материалсыз тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, ақаулы көліктерге міну, тіпті рульге құқықсыз отыру оқиғалары кездескен.
Биылғы жылы жол-көлік оқиғалары Рудныйда үш адамның өмірін қиды, ал статистика көрсеткендей, апаттың 92% -ы жүргізушілердің кінәсінен болады. Осы орайда, Жолда ерекше сақ болуды ескертеміз. Жылдамдықты асырмай және көліктің техникалық жағдайын бақылауға ұстаған жөн.
Гүлім Мұрат