Азаматтардың өтініштерімен жұмыс басты назарда

Мемлекет басшысы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар тарапынан барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен болатын. Осы мақсатта Рудный қаласы әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен жұмыс тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында тұрғындардан келіп түсетін өтініштермен жұмыс қалай ұйымдастырылатыны және жүзеге асырылатыны туралы түсініктемелер мен ақпарат берілді.

Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы Диас Оралбекұлы қала әкімі В.Ионенконың жеке парақшасына келіп түсетін және ұзақ қарауды, сондай-ақ қаржыландыруды талап ететін өтініштерге назар аударды.

«Қала әкімі проблемалық мәселелерді талқылау және шешу үшін тұрғындармен жиі кездесулер өткізеді. Бірақ сонымен бірге, физикалық тұрғыдан жеке парақшадағы сауалдардың әрқайсысына жеке жауап бере алмайды. Әлеуметтік желілер бойынша келіп түскен тиісті ұсыныстар мен ескертулер назардан тыс қалмайтынына назар аударғым келеді. Ол үшін Рудный әкімдігінің Ikomek 109 тәулік бойы Ахуалдық орталығы, ХҚКО-да е-өтініш сервисі бар. Апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күніне 4-58-09 телефоны бойынша жазылу жүргізіледі»,- дейді аппарат басшысы.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыстың заңды тұрғысынан Рудный қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Санат Исмағамбетов түсіндірді:

Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен барлық өтініштер (Электрондық құжат айналымы, жазбаша ресми өтініштер) міндетті түрде қабылдануға және тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. ҚР АӨК сәйкес өтінішті, хабарламаны, ұсынысты, жауап беруді, сұрау салуды қарау мерзімі 15 жұмыс күнін, шағым түскен күннен бастап -20 жұмыс күнін құрайды. Бұл ретте, мерзім 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

Рудный әкімдігінің iKomek 109 Ахуалдық орталығының басшысы Гүлмира Кенжетаева Рудныйлықтар 109 тегін нөміріне қоңырау шалу, Whatsapp +77070109109 нөмері бойынша мәтіндік өтініштерді жіберу арқылы орталыққа қалай жүгінуге болатынын атап өтті. Өтініш берушіге жауап 6 жұмыс күніне дейінгі мерзімде беріледі.

Аякөз ҚОЖАБЕКОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *