Микрокредит сомасы мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін — 5 жылға дейін өтеу мерзімімен 5 млн теңгеге дейін құрайды.
Микрокредит мерзімінің ұзақтығының үштен біріне дейінгі негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең көзделген.
Микрокредит беру 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепілмен қамтамасыз ету түрінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады.Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда үшінші тұлғаларды кепіл беруші ретінде тартуға болады (ата-аналары, туыстары және т.б.).
Пионер көшесі, 21, № 14 кабинет, Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады, тел.: 2 41 36.