Қардың шамадан тыс көп түсуіне байланысты арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда
Соңғы бір-екі күнде бір айлық қар нормасы түсті. Ал қараша айынан бастап арнайы полигондарға 25 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қарды жинау жұмыстарын 35-40 бірлік мамандандырылған техника еңбек етуде. «Рахат-2018» ЖШС тұрғын үйлердің аулаларында күндізгі уақытта, ал, қала көшелерінде тәулік бойы жұмыс істейді: өйткені түнде жолдарды тазарту сәті автокөліктердің қозғалысын қиындатпайды. «Рудненский рабочий» тілшісі 13 қаңтарға қараған түні арнайы техниканың жолдарды тазалап жатқанын және таңертең қала тұрғындары алаңсыз жұмысқа жетіп, қала бойынша жүре алатынына көз жеткізді.
«Рахат-2018» ЖШС компаниясының өндірістік бөлім бойынша директоры Сергей Бейферттің айтуынша, сол түні қала көшелеріне 37 бірлік техника шықты: автогрейдерлер, тазалауға арналған жабдықтары бар МТЗ-82 және тиегіштер. Төрт бірлік техника жеке сектордың жолдарын тазартуға жұмылдырылған.
– Биылғы жылы қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты біз бір күнде демалмаймыз. Әзірше тәулік бойы жұмыс істеудеміз. Өтінімдер өте көп, қолдан келгенше барлық аумақты тазартып үлгеруге тырысып жатырмыз. Әсіресе жеке секторлар: қаланың шеті, ондағы жолдарды автогрейдермен немесе К-700 өтсек те, жарты сағаттан кейін көшені қар басып алады, – дейді Сергей Бейферт.
Бірінші кезекте, автобус маршруттары кедергісіз қозғалысын жүзеге асыру үшін орталық көшелерге, әлеуметтік объектілердің кіреберістерін, ал содан кейін ғана – жеке сектор мен шағын көшелер қамтылады.
Әкімдіктің «109» бірыңғай диспетчерлік орталығына және «Рахат-2018» ЖШС диспетчерлік бөлмесіне келіп түсетін өтінімдерге кезек тәртібімен жауап беріледі.
Автокөлік иелеріне өтініш: көлікті жолдың бойында қалдырмаңыз, бұл қар тазартуды қиындатады.
«Рахат-2018» ЖШС компаниясының диспетчерлік қызметінің телефоны: 4-54-97.
Жадыра ЕРТАЕВА,
фотосурет түсірген: Елена ВОРОНИНА