Рудный қалалық әкімдігі Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы шешімімен бекітілген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларының тармақшасына сәйкес барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде күрделі және уақытша объектілердің иелері өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу арқылы бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз ететіндігін хабарлады.
Осы Қағидалардың 9-тармағы объектілердің меншік иелері іргелес аумақты (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен санитариялық тазалауды және жинауды қамтамасыз ететінін немесе оны өз бетінше жүргізетінін айқындайды.
3-тармақ 10-тармақшасына сәйкес іргелес аумақ ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ болып табылады.
Сонымен қатар, көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару қағидалардың 17-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген орындарға жүзеге асырылады:
- Качарская к-сі ( Қашар кенті бағытындағы көпірдің сол жағы шығу жолынан);
- Молодая Гвардия к-сі («Мұнай Өнімдері» ЖҚС артына «ССКӨБ» АҚ ЖЭО жағы бағытына);
- «Рудный-АБАТ-2006» ЖШС-нің ТБО полигонына барар жолы «Игилик» диірмен ауданындағы орналасқан жер учаскесі ;
- 50 лет Октября к-сі – Транспортная к-сі қиылыстары (оң жағынан теміржол вокзалы бағытындағы).
Осыған байланысты Рудный қалалық полиция басқармасы және Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымыңызға , оның ішінде іргелес жатқан аумақты абаттандыру бойынша шаралар қабылдауыңызды, сондай-ақ бұрын көлік жүретін бөлік бойында жинап қойған қардың белгіленген орындарға шығарылуын қамтамасыз етуді сұрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 — бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзған кезде жеке тұлғаларға — отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Гүлім Мұрат