Рудныйда кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімін өткізіп, содан соң «Горняк» мәдени ойын-сауық орталығында Ауған соғысы ардагерлері, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Сәкен Қоқышев және қала тұрғындары қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Жиналған қауым алдымен ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Осы күнді және қарулас достарын еске алуға келген Ауған соғысының ардагерлері өскелен ұрпаққа ерлікке тағзым жасағаны үшін алғыс білдірді.
Келесі кезекте бүгінгі атаулы датаны тойлау үшін салтанатты шара өткізілді. Оның барысында мемлекеттік әнұран щырқалып, Ауған соғысы ардагерлері туралы бейнематериал көрсетілді. Кеш барысында жергілікті әншілер өнер көрсетті.
Бүгінгі таңда Рудный қаласында ауғандықтардың саны-128 адам. 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде — 23 Ауғандық өз қызметіне байланысты тұрғын үй алды. Қатерге бел буып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, парызға адал болған ауғандық ардагерлерді қадірлеп құрметтеу — біздің, келер ұрпақтың борышы болып қала бермек. Осыған байланысты Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп , қала әкімінің құрмет грамотасы табысталды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адамынан айырылып, 53 мыңнан астамы түрлі жарақат алған. Бірақ қаза тапқандар саны туралы нақты деректер әлі жоқ. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, олар бір миллионнан екі миллионға дейін. Сол соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 900 – ден астамы қаза тапты, 20 – ға жуығы хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жас балалар мүгедек болып оралды.