Бұл туралы eGov.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. eGov.kz порталында хабарланғандай, қазақстандықтар мына күндері демалады: бес күндік жұмыс аптасында – 2, 3, 8, 9, 10, 16, 17 наурызда, 21-нен 25-не дейін, 30, 31 наурыз; алты күндік жұмыс аптасында – 3, 8, 10, 17 наурызда, 21-інен 24-іне дейін, 31 наурыз.
Наурызда қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндерінен басқа бірнеше мерекеде демалады: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз); Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Биыл 8 наурыз жұмаға түседі. Яғни бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар үш күн қатарынан – 8-, 9-ы және 10-ы демалады. Алты күндік жұмыс аптасы барлар тек 8 наурызда ғана демалыс алады және заңды демалыс күні — 10 наурыз.
Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекелер бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда демалады. Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында жалғасады. 25 (дүйсенбі) – жұмыс күні. Наурызда қазақстандықтар жалпы алғанда 14 күн демалады, оның 4-і мереке күндері.