Рудный қаласында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 16%-ға, 2024 жылдың 2 айында 40%-ға төмендеген. Бұл жайында қалалық прокуратура қаланың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жандандыру мәселелері бойынша өткізген ведомство аралық жедел кеңесте атап өтті.
Кеңесте жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша мәселелер талқыланып, алдағы жұмыс жоспарлар жасалынды. Оның ішінде, ұйымдарға және азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнелейтін азаматтық құқық бұзушылық мәселелері басты назарда болды.
Рудный қаласының прокуратурасының мәлімдеуінше, азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты ықпалшарады қолдануға алып келеді. Жиын қорытындысы бойынша қала прокуратурасы үйлестіруші орган ретінде қылмыстың алдын алу субъектілеріне, полицияға, пробация қызметіне және басқа органдарға нақты нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.
Атап өтсек, тұрмысы нашар отбасылар мен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау бойынша жұмысты жандандыру, есірткінің заңсыз айналымына, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына қарсы белсенді күрес жүргізу және сотталғандарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарға олардың қайталама қылмыстар жасауына жол бермеу мақсатында тиісті бақылауды қамтамасыз ету және оларды қайта әлеуметтендіруге көмек көрсету. Ведомство аралық жедел кеңес мүшелері жылдық қорытынды нәтижелері бойынша мас күйінде автокөлікті басқару, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу, түнде алкогольдік ішімдіктерді сату фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша белсенді құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру бойынша да өзекті сұрақтарды талқылады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қойылған міндеттер өңірдегі криминогендік жағдайды жақсартуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
АЯЖАН САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ