Қостанай облысында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды

Өңірдегі негізгі су қоймаларында суды біртіндеп жіберу төмендей бастады. Мәселен, Қаратомар су қоймасында соңғы тәулікте су ағызу секундына 1 100 текше метрге азайды және секундына 2 200 текше метрді құрады. Қостанай өңірінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Сондай-ақ Жоғары Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі байқалады. Өзендердегі су деңгейі де төмендеп келеді. Тобыл өзенінің бас жағындағы су соңғы тәулікте 91 см-ге, Әйет өзенінде 124 см-ге төмен түскені тіркелді.

«Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 13-тен 97 см-ге дейін құрады. Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталып отыр. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі таңда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына төленді. Жалпы сома 107,3 млн теңгені құрады. Авариялық ажырату салдарынан 28 елді мекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда, су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады.

«Су тасқыны кезінде 24 автожолында қозғалыс шектелді, ал 9 жолдағы қозғалыс қазірдің өзінде қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Арнайы құрылған комиссиялар келтірілген залалды бағалау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағалау қорытындысы бойынша барлық зардап шеккендерге залал толық өтелетін болады», – деді спикер.

https://ortcom.kz/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *