Мейірбек Исмағұлов: «Мемлекеттік қызметтегі басты мақсатым – елге лайықты қызмет көрсету»

Біздің көпшілігіміз мамандық таңдау туралы шешім қабылдағанда, қоғамның дамуына қалай үлес қосуға болатындығы туралы ойланамыз. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу бір қарағанда қызықсыз көрінуі мүмкін, алайда тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Мейірбек Исмағұловтың тәжірибесі бұл жағдайдан алыс екенін көрсетеді.

Кейіпкеріміздің мемлекеттік қызметте жүргеніне 7 жыл болды. Ол мемлекеттік қызмет тек өз саласында кәсібилік пен білімді ғана емес, сонымен қатар талдау, күрделі шешімдер қабылдау және командада жұмыс істеу қабілетін талап ететінін атап өтті.

– «Мемлекеттік қызметтегі мақсатым — елге қызмет ету, жақсы із қалдыра білу, проблемалық жағдайларда халыққа қажетті көмек көрсету болып табылады. Қоғам мемлекеттiк қызметшiнің бiлiмi мен тәжiрибесiне, кәсiби қызметiне сенiм бiлдiредi. Сол себепті, өз жауапкершілігімді сезіне отырып, осы қызметте бар күш-жігерімді салып, сенімді ақтауға тырысамын. Жалпы мемлекеттік қызметке орналасу бірден болмады. Басында жекеменшік орталықтарда қызмет атқардым. Содан кейн біраз уақыт өткен соң 2017 жылы Рудный қалалық қаржы бөліміне бас маман қызметіне орналастым. Қазіргі таңда осы ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы ретінде тағайындалдым. Мемлекеттік қызметтің жаман тұстарын байқамадым. Көбіне жақсы өзгерістер алып келді. Жалпы мемлекеттік қызметке орналасар кезде тұрғындардың мәселелерінің шешімін табуға көмек беруді мақсат ету қажет», – деп атап өтті.

Өз сұхбатында бөлім басшысы бөлімінің әртүрлі функциялары, соның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу және бөлу, тұрғын үй қатынастары саласындағы бақылау және қадағалау туралы айтты. Ол күн сайын қала тұрғындарының көптеген сұраныстарына тап болатынын және оларға белгіленген мерзімде көмектесуге тырысамын дейді:

«Жұмыс барысында өтініш берушілердің өтінімдерін қабылдап, тыңдауға және толықтай шешуге тырысамын. Ешқандай тұрғын қараусыз қалмайды. Заң тұрғысынан барлық қажет ақпаратпен қамтамыз етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда бөлімде 15 қызметкер бар. Бұл жалпы штаттық есеп бойынша. Бөлімде Тұрғын үй инспекциясының функциялары мен міндеттерімен тікелей айналысатын тұрғын үй инспекциясы секторы бар. Яғни, мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізеді. Сонымен қатар, бөлімге тұрғын үй мәселелері, кезекте тұрғандар, мемлекеттік тұрғын үй қоры бойынша пәтер бөлу бойынша мамандар да қосылды. Негізінен қызметкерлер саны аз. Кадрлық жетеспеушілік бізде де сезілуде. Штаттық мемлекеттік қызметшілер бар. Бірақ штаттан тыс қызметкерлер жетіспейді. Бұл сұрақ бойынша қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жұмыстар жүргізілуде».

Мейірмбек Ысмағұловтыі айтуынша, күнделікті көптеген адамдар бөлімге өз сұрақтарымен келеді. Кейде бір күнде 50 шақты тұрғын өтініштері түседі екен.  Көбіне өз кезмемлекеттік тұрғын үй кезегін орналасу үшін құжат тапсыру немесе кезегін білу, ал біреу келісім мерзімін ұзарту үшін келеді. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайы бойынша мәселелер, ағымдағы сұрақтарды шешу үшін жүгенеді. 1 наурыздан бастап бұрын әкімдікте болған бөлімнің барлық мамандары қазір «Халыққа қызмет көрсету орталығының» 4 қабатына ауысты. Тұрғын үй мәселелері бойынша  415 және 414-кабинет, тұрғын үй инспекциясы мәселелері бойынша 417-кабинет қызмет көрсетеді. Кезектілік және мемлекеттік тұрғын үй қоры мәселелері бойынша 4-50-11, инцпекция мәселелері бойынша – 4-00-15 нөмерелері бойынша хабарласуға болады.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *