Бұл фактіні Көші-қон қызметінің мамандары «Заңсыз келуші-2024» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықтады.
Өзбекстан Республикасының 54 жастағы азаматының құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның шекарадан заңсыз өткенін анықтады.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін бір мың АЕК (3692000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ел аумағынан бес жыл мерзімге шығарып жіберу көзделген,- деді Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ахметжанов.
Сондай-ақ, ол «Заңсыз келуші» акциясының бірінші күні полицейлер өңірде көші-қон заңнамасын 60 бұзушылықты анықтап, 4 шетелдікті ҚР аумағынан шығарғанын атап өтті.
47 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. 14 азамат ішкі істер органдарын шетелдік азаматтардың өздерінде болғандығы туралы хабардар етпегені үшін, 4 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері рейдтік іс — шаралар, тұрғын үй алаптарын, жатақханалар мен саяжайларды және пәтерлерді аралайтын болады. Шетелдіктердің болуы мүмкін шалғай жерлерде, яғни, шаруа қожалықтары, алыс шалғындар мен дала стандарын тексеруге ерекше назар аударылады.