Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Түрлі этностар мен діни конфессиялардың 20 миллионнан астам азаматы татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.
Бұл жарқын мереке адамдарды жақындастырып, елдегі ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.
Қазақстан зайырлы және толерантты мемлекет бола отырып, рухани құндылықтарды басты назарға алады. Мұның барлығына қоғамдық келісімнің, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық тату қарым-қатынастың арқасында қол жеткізілді.
Исламның жасампаз әлеуеті мен рухани-адамгершілік құндылықтары алдағы уақытта да қазақ қоғамындағы бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенімдімін.
Осынау қасиетті мерекеде ішкі жан-дүниеңізге қуаныш, шаттық, нұр, тазалық тілеймін.
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Жүрегіңізде иманның беріктігін, үлкенге құрмет пен жақындарға деген сүйіспеншілікті сақтаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғап, оларға қамқор болыңыз!