Қостанайда шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқанда ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. 

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.

Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *