Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің жобасы аясында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері (РАТТ) ағымдағы жылдың 1 — 5 маусымы аралығында Қостанай облысы халқының түрлі нысаналы топтарының арасында атаулы профилактикалық жұмыстарын өткізіп кетті.
Ақпараттық топ құрамында дінтанушылар, теологтар және дін саласындағы сарапшылар болды. Түсіндіру жұмыстарымен Қостанай, Рудный қалалары, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандары қамтылды.
Рудный қаласында өткізілген кездесуде ерекше назарға алынды, себебі қала тұрғындары деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру бойынша белсенді түрде ақпаратты қабылдады.
РАТТ мүшелері, дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі сарапшылар, тұрғындармен кездесулер өткізіп, діни сауаттылықты арттыруға және деструктивті діни идеологияның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Қостанай облысындағы «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Асет Нұғыманов өз сөзінде жастарды жат ағымдардан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды:
«Іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. Жастарды жат ағымдардан қорғау үшін біз оларға нақты діни контент парақшаларын қолдануды, білікті мамандармен, мешіт және шіркеу қызметкерлерімен ақылдасуды ұсынамыз. Ата-аналарға да балалардың қандай сайттарға кіріп, не жүктейтінін қадағалау үшін арнайы қосымшаларды пайдалану қажеттігін айтқым келеді.»
Өткізілген іс-шаралар халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, деструктивті және радикалды діни идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал ететін болады. РАТТ іс-шараларымен жалпы қамту 450-ге жуық қатысушыны құрады. Рудный қаласында өткізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғындардың діни сауаттылығы артып, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған маңызды қадамдар жасалды.
«Діни ақпаратты дұрыс көздерден алу маңызды. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру арқылы біз экстремизм мен терроризмнің алдын алуымыз қажет,» – деп атап өтті Астана қаласындағы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкері, Арман Нұрахметұлы.
Аталған бағытта жалпы саны 21 іс-шара ұйымдастырылып, 450-ге жуық адам қамтылды. Қостанай және Рудный қалаларында өткен кездесулерде «Қазақстан Республикасы – Зайырлы мемлекет», «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Дін мен дәстүр», «Жастарды жат ағымдардан қорғаудың жолдары», «Зайырлылық – дінсіздік емес» және басқа да тақырыптарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және басқа да тұрғындар қамтылды.
Бұл іс-шаралар халықтың діни сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Гүлім МҰРАТ,
суретті түсірген Алексей ФРОЛОВ