1,5 миллион теңге көлеміндегі грант кімдерге беріледі?

15 шілдеде мемлекеттен 1 476 800 теңге мөлшеріндегі грант алуға өтінімдерді қабылдау басталады

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарды алу өтінімдерін Business.enbek.kz порталында қабылдайды. Бұл бағдарламаның екінші легі болып табылады және осы жолы 4 655 грант беру жоспарлануда.

Гранттар жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Гранттың мөлшері 400 АЕК (1 476 800 теңге) құрайды және әрбір қатысушы оны тек бір рет қана ала алады. Грант қаражаты бастаушы кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Өтінім беру шарттары

Өтінім беру үшін келесі шарттарды орындау қажет:

— порталда тіркелу;

— грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

— бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп, оны толтырып, порталға жүктеу;

— өтінім формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою.

*Егер интернетке немесе компьютерге қол жеткізе алмасаңыз, өтінімді өзін-өзі қызмет көрсету аймағында немесе ХҚКО-да бере аласыз.

Грантқа кімдер
үміткер бола алады

Грант алуға үміткерлер ретінде тіркелген жұмыссыздар немесе соңғы үш жыл ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер, келесі әлеуметтік санаттардың біріне жататындар:

— мүгедектер;

— «қандас» мәртебесі бар адамдар;

— өңіраралық қоныс аударушылар;

— аз қамтылған отбасылардың мүшелері;

— көп балалы отбасылардың мүшелері (жұбайы/зайыбы);

— мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар (жұбайы/зайыбы);

— асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткер сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы сертификаты болуы керек, оның мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.

Гранттардың мақсатты пайдаланылуы

Грантты келесі мақсаттарда пайдалануға болады: қажетті инвентарьды, құрал-саймандарды, технологиялық жабдықтарды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, сондай-ақ ғимараттарды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, несиелік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

Өтінімдерді қарау
процесі

Гранттар үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі аудандық немесе қалалық комиссияның шешімі негізінде еңбек мобильділігі орталықтары арқылы беріледі. Үміткерлер комиссия отырыстарында өз бизнес-жобаларын таныстырады, онда комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

— идеяның бәсекеге қабілеттілігі;

— өткізу нарықтарының әзірленуі;

— жобаның қаржылық өміршеңдігі;

— кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;

— жаңа жұмыс орындарын құру.

Комиссия қабылдаған шешім туралы үміткерге порталдағы жеке кабинетке хабарлама жіберу арқылы хабарланады. Оң шешім қабылданған жағдайда, үміткер банктік реквизиттерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі қаражатты пайдалану туралы тоқсан сайынғы есептерді электрондық форматта ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Рудный қаласында бірінші лег бойынша онлайн режимінде, Business.enbek.kz порталы арқылы 27 өтінім қабылданды.

Мақұлданған
бизнес-жобалар:

— Айжан Нұрымова – «Тері бұйымдарын қалпына келтіру және тігу» (көп балалы отбасылар санаты);

— Күндызай Абдуллаева – «Тігін қызметтері» (көп балалы отбасылар);

— Жандос Жилкишев – «Жартылай фабрикат өнімдерін өндіру бойынша мини-цех ашу» (бірінші топтағы мүгедек);

— Геннадий Гостищев – «Іс-шараларды өткізу» (екінші топтағы мүгедек);

— Феризат Қыдырбаева – «Сұлулық салоны» (асыраушысынан айырылған тұлғалар);

— Фариза Мырзақұлова – «Қамыс көрпелерін өндіру» (қоныс аударушылар);

— Жанагүл Жандуллаева – «Тігін шеберханасы» (көп балалы отбасылар);

— Жанар Әбезова – «Мұз сату» (асыраушысынан айырылған тұлғалар);

— Айғаным Досқабылова – «Тандыр-нан» (қандас).

Рудный қаласы бойынша бірінші легте тоғыз грант бөлінді, ал ағымдағы жылы олардың саны 17-ге жетеді.

 

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *