Мәселе қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды. Депутаттар Рудный қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру, 2023 жылғы 2 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жеке санаттарының тізімін анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу сұрақтарын ортаға салды.
Бірінші мәселе бойынша «ССКӨБ» АҚ ұжымы Рудный қаласының «Құрметті азаматы» атағын өндіріс басқармасының директоры Сергей Кузьменкоға беру туралы ұсыныс жасады. Сергей Кузьменко өндірісті дамытуға, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіпорынның елдің тау-кен өнер кәсібіндегі позициясын нығайтуға үлкен үлес қосқан.
Сергей Кузьменко Рудный қаласында туған. 1996 жылы мектепті бітірген соң Рудный индустриалды институтына түсіп, «Өнеркәсіпте электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша білім алды. 2001 жылы оқу орнын бітірген соң оған «инженер-электрик» біліктілігі берілді. «ССГПО» АҚ-да Сергей Кузьменко 2001 жылы руданы дайындау, байыту және түйіршіктеу басқармасының кезекші электрослесарі және жабдықты жөндеу маманы ретінде жұмысын бастады. 2011 жылы фабрикалық кешенді пайдалану және жөндеу басқармасының директоры, 2014 жылы руданы дайындау және байыту фабрикасының директоры, ал 2015 жылдың наурызында кәсіпорын басқармасы өндіріс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Қазіргі уақытта ол «ССКӨБ» АҚ басқармасының өндіріс жөніндегі директоры қызметін атқарады.
Оның тікелей қатысуымен тау-кен кәсіпорны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл мақсаттарға 2016-2017 жылдары 66 миллион доллардан астам қаражат бөлінді. Атап айтқанда, еңбек бекетінің ішкі карьерлік көлік схемасын қайта құру және Қашар кен басқармасында конвейердің бірінші кезеңінің құрылысы, руданы дайындау фабрикасында ұсақтау және кептіру желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Сарыбай карьерінің оңтүстік шетінде тау-кен капиталы жұмыстары жүргізілуде. Көп көңіл капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жабдықтарды ауыстыруға бөлінеді.
Сонымен қатар, ол өндіріс тиімділігін арттыру, шығындарды оңтайландыру және еңбек өнімділігін арттыру бағдарламасының әзірлеушілерінің бірі, бұл болашақта жаңа тауарлық өнім түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ССГПО флюстік окатыштар мен төмен күкіртті концентраттарды өндіруді бастады және қосымша көлемдерді жүзеге асыруда. Сонымен қатар Сергей Кузьменко маңызды стратегиялық міндетті – өндірістік кешенді байыту бөлімшесін қайта құру мәселесін шешуге қатысады. Бұл концентраттағы темірдің құрамын арттыруға мүмкіндік береді, тиісінше, біздің окатыштардағы темірдің құрамы да артады.
Екінші мәселе бойынша, 2024 жылғы 7 сәуірдегі Премьер-Министр О.Бектенов төрағалығымен өткен республикалық штабтың тасқынға қарсы шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі көшпелі отырысының хаттамасына сәйкес, табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге бір отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төлеу туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, жаңа мерекелік күндер енгізілді: 26 сәуір – «Чернобыль апатын еске алу халықаралық күні» және 29 тамыз – «Семей сынақ ядролық полигонының жабылу күні», осы күндерге 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Рудныйда бұл біржолғы әлеуметтік көмекті 71 адам алады.
Болат МУСИН,
суретті ұсынған қалалық мәслихат