11 шілде күні қалалық көпсалалы аурухананың перинаталдық орталығында Рудный қаласы әкімдігінің қалалық ішкі саясат бөлімі және Ақсақалдар кеңесі төрағасымен бірлесіп көп балалы жас анаға домбыра табысталды.
Рудный қаласының тұрғыны Ардақ Кланова жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күні қарсаңында бесінші перзентін дүниеге әкелді. Толығырақ біздің келесі бейнематериалда.
Ардақ Кланова 35 жаста және 6 шілдеде бесінші баласын – Аяла есімді қызын дүниеге әкелді. Бұл маңызды оқиға салтанатты түрде атап өтілді, өйткені Аяла Ұлттық домбыра күні қарсаңында дүниеге келген ерекше қыз. Осы қуанышты оқиғаның құрметіне қонақтар Ардаққа қазақ халық мұрасының ұлттық нышандарының бірі –домбыраны сыйға тартты.
Көп балалы ана өз кезегінде құттықтап келушілерге өз алғысын білдіріп, мұндай сый-сыяпатты күтпегенін, айтып жеткізді. Сондай-ақ Ардақ перинитарлық орталық дәрігер-акушерлеріне ерекше алғысын білдіріп, солардың арқасында босану жақсы өтті дейді.
Естеріңізге сала кетейік, домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке ұлттық дәстүрлер мен мұралардың маңыздылығын көрсете отырып, елдің мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады.