Қалалық тілдерді оқыту орталығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Тілі бірдің-тілегі бір» атты интенсив-семинар өтті.
Бұл шара қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қостанай облысының психологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы, жаңа технологияларды меңгеру және оларды өз жұмысында қолдану.
Спикерлер қатысушылар арасында сауалнамалар жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа білімдермен танысты.
Қатысушыларлың бірі Салтанат Қабденова өз ойымен бөлісті:
«Мен бүгінгі семинарда әріптестеріме бір оқушымның шығармасын көрсетіп, оны бағалауды ұсындым. Кейін олар өз бағаларын түсіндіруі керек болды. Осылайша, әр мұғалім тек баға қойып қана қоймай, өзінің шешімін түсіндіріп беруі керектігін көрсетті. Бізден көп нәрсе тәуелді, оқушылармен ортақ тіл таба білу және талапшыл мұғалім болу қажет».
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
— Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұйымдастырып отырмыз. Бұл іс-шара мұғалімдердің кәсіби дамуына үлкен үлес қосып, болашақта осындай семинарлардың маңыздылығын көрсетті деп ойлаймыз,- дейді ұйымдастырушылар.