Енді Бірыңғай дистрибьютор өндірушілермен тікелей шарттар жасайды, бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
2024 жылдың бірінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2022-2023 жылдардағы қызметіне аудит жүргізіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын, сатып алуларын, логистикасын, инспекцияларын және қауіпсіздігін бағалауды реттейтін заңнамадағы бірқатар жүйелік кемшіліктерді анықтаған еді.
Атап айтқанда, дәрілер зауыт бағасынан 172%-ға қымбат сатылған және баға орынсыз көтерілген.
Денсаулық сақтау министрлігі салаға жауапты бірқатар басшыны қызметінен босатты.