Ведомствоның ақпаратынша, бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына жіберілетін «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту» деген тақырыппен жалған хабарламалар жағдайлары жиілеп кетті.
«МКК Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін хабарлайды. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады»ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және E-salyq мобильді қосымшаларына жібереді.
Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.
«Осыған байланысты, МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді».ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Сондай-ақ, қорытындылай келе МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайтындығын ескертті.