Рудныйда полиция “синтетиканың” 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді

Полиция қызметкерлері “Қарасора – 2024” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Рудный қаласының аумағында 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Пәтерді тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар көптеген Zip-пакеттер және электрондық таразылар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып есептеледі.

– Өңірде “синтетикалық” есірткінің бір жарым мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді. Олардың құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңгені құрайды. Есірткі сатумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Осы дерекке сәйкес “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *