Бұл туралы 2024 жылдың 30 шілдесінде республиканың Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға Dari.kz мобильді қосымшасын дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалауды ұсынады, бұл өмірлік маңызы бар дәрілердің қолжетімділігін және әділ бағасын қамтамасыз етеді.
Dari.kz қалай жұмыс істейді?
Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар баға саясатының бұзылуы туралы оңай және жылдам хабарлай алады.
Бұл үшін келесілер жеткілікті:
1. Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеңіз.
2. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберіңіз.
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
• Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
• Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
• Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
• Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
• Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшаны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.