Рудный қаласында 23-28 шілде аралығында «Автобус» оперативті-профилактикалық іс-шарасы өтті
Бұл шара жолаушылар мен жүк тасымалдайтын автомобиль көлігінің жүргізушілерінің көлік және еңбек тәртібін арттыруға, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің пайдалану фактілерін анықтауға және заңсыз жолаушылар тасымалын тоқтатуға бағытталған.
Іс-шара барысында автобус жүргізушілері тарапынан 25 құқық бұзушылық анықталды. Маневр жасау кезінде 14 жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзса, 7 жүргізуші көлік қозғалысы кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін айыппұл салынды. Бұл фактілер жол қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді, себебі жүргізушілердің назарын бөледі және апатты жағдайлар туындатуы мүмкін.
Тексеру барысында 39 автобус қаралды. Көптеген көліктердің техникалық жағдайы талаптарға сай келмейтіні анықталды. Бұған қоса, үш лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс болатын, бірақ өз міндеттерін тиісінше орындамады.
Заңсыз жолаушылар тасымалы фактілері де анықталды. Мұндай көліктерде жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнеді, себебі олар техникалық және медициналық тексерулерден өтпеуі мүмкін.
«Автобус» іс-шарасы жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті күшейтуге және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық және техникалық тексерулерден өтуі міндетті. Бұл тексерулер жүргізушілердің денсаулығын бақылауға және көліктің техникалық жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Жолда абай болыңыздар және өз іс-әрекеттеріңіздің салдары туралы ойланыңыздар. Техникалық жағдайы жақсы және медициналық тексеруден өткен көліктер ғана жолда қауіпсіз қозғала алады. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс.
Гүлім МҰРАТ