Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе бұған дейін әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенконың қатысуымен қаралған болатын.
Қалалық бюджетті нақтылау 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының қалдықтарын түпкілікті бөлу және бюджеттің орындалуы барысында бюджет қаражатын барынша толық және тиімді пайдалану үшін қайта бөлуге байланысты.
Бөлінетін қаражат қалдығы 67,3 миллион теңгені құрайды. Бюджеттік комиссия аталған соманы бюджет қаражаты қалдықтарын түпкілікті бөлу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның резерв сомасын 130 миллион теңгеге азайту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуын талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаражаттың жалпы сомасы 247 миллион теңге анықталды. Бөлінетін резервтер шамамен 445 миллион теңгені құрайды.
Бюджеттік комиссия резервтерді келесі бағыттар бойынша бөлуді ұйғарды:
— жолдарды жамау және орташа жөндеу,
— коммуналдық меншікке жататын көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары (Восточная көшесі, 2, 20, 22, Парковая көшесі, 4),
— көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары (Ленин көшесі, 14, Пионерская көшесі, 16, Строительная көшесі, 59),
— Орталық қалалық кітапхананың кіреберіс тобына аз қозғалатын топтардың қажеттілігін ескере отырып ағымдағы жөндеу жұмыстары,
— Әлеуметтік бейімделу орталығының аз қозғалатын қызмет алушыларына қолжетімділік элементтерін орнату.
Күн тәртібіндегі мәселе депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды
Болат МУСИН,
автордың суреті