Оқуда қиындығы бар балалардың саны 2 миллионға жеткен

Бір жыл ішінде елдегі психофизикалық даму бұзылыстары бар балалардың саны 8% өскен. Оқу ағарту министрлігінің «Бөбек» сауықтыру орталығын қайта ұйымдастыру туралы бұйрық жобасының негіздемесінде осындай деректер келтірілген.

«Соңғы жылдары республикада оқытуда ерекше көзқарасты қажет ететін балалар санының өсу тенденциясы байқалады. Тек бір жыл ішінде психофизикалық даму бұзылыстары бар балалардың саны 8%-ға өсті (2024 ж. – 203 мың, 2023 ж. – 188 мың, 2022 ж. – 175 мың), сондай-ақ оқытуда ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар 1,5 млн-нан астам бала; әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты оқуда қиындықтарымен 500 мыңға жуық бала бар», — деп жазылған ресми мәліметте.

Осыған байланысты инклюзивті білім беруді бір жерден жүйелеп отыратын ұлттық ғылыми-практикалық орталық құру қажеттілігі туындап отырған көрінеді.

«Зерттеулер көрсеткендей, ерте қолдау арқылы ерекше көзқарасты талап ететін балалардың үлгерімін 100% жағдайда жақсартуға қол жеткізу үшін Үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығын құру қажеттілігі туындады», — делінген құжатта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *