Қазіргі таңда елде ерекше мәртебеге ие 16 ЖОО бар.
Қазақстанда ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының тізімін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті толықтырады. Бұл ұсыныс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізіледі.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын Тараз қаласында биылғы 1 қыркүйекте бастайды. Ол «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын екіге бөлу жолымен құрылды.
ҚазҰСШИУ-ға 2024-2025 жылдарға 245 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының нысаналы квотасы (бакалавриатқа – 210, магистратураға – 20, докторантураға – 15) бөлінді.