Іздестіру жұмыстарына қайықтар мен дрондар да пайдаланылып жатыр.
Қостанай облысында ТЖД қызметкерлері Тобыл өзеніне батып кеткен баланың денесін екі тәуліктен бері таппай жатыр.
Қостанай облыстық ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елді мекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.
ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылып жатыр.