Қазақстанда ұстаздардың білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Өтініштер 23 тамызға дейін қабылданады, ал ПББ 21-29 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстанда педагогтердің білімін бағалауға өтініштер 19-23 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты мен мобильді қосымшасында қабылданады, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Кезекті педагогтердің білімін бағалау 21-29 тамыз аралығында өтеді.

«Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері педагогтердің білімін бағалауға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы», – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Бұған дейінгі педагогтердің білімін бағалау 10 шілде мен 13 тамыз аралығында өткен болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *