Қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді.
Атап айтқанда, қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам болып бекітілді.
Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді.
Шілде айының басында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғайды.
Айта кетейік, қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құраған еді. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.