Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.
«Бізде тілге байланысты шектеуге немесе кемсітуге жол берілмейді. Атап айтқанда, электронды саудада кейбірі ана тілінде қызмет көрсетпейді, осының салдарынан тұтынушы оны пайдалана алмайды. Адамдар нақты әрі сенімді ақпарат алуы қажет. Осы орайда біз тілге қатысты конституциялық ұстаным мен заң талаптарын орындау мәселесіне ерекше назар аударамыз. Бұл өз кезегінде маркетплейстерге және басқа қызметтерге де қатысты», — деді министр баспасөз мәслихатында.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы талқыланды.