Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтаймын!
Бүгін біз тілдік көптүрлілікті ғана емес, ұлт ретіндегі бірлігімізді де атап өтеміз.
Бүгінгі таңда Рудный қаласында Қалалық тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді, оның басым бағыты қаланың ересек тұрғындарын мемлекеттік, орыс, ағылшын және неміс тілдеріне оқыту болып табылады. Жыл сайын қала тұрғындарының тілдерді үйренуге деген қызығушылығы артып келеді, 2024 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша орталықтың білім алушыларының жалпы саны 1209 адамды құрайды.
Тілдік көптүрлілікті қолдауға және дамытуға деген ұмтылыс біртұтас қоғам құруға ықпал етеді.
Әрбір жаңа үйренген тіл құрмет пен түсіністікке негізделген болашақты құруға көмектессін!