Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «ЕЛ-БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ -ЕРТЕҢ ҮШІН» атты қалалық авторлық шығармалар байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
Байқаудың мақсаты: Ұлт әдебиетіне өл¬шеусіз үлес қосып, қазақ әдебиеті мен тілін, қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Ахмет Байтұрсынұлының ақындық болмысы мен шығармашылығын насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдеге «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы Аружан Ахметбекова ие болды.
І орынға «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Брмжанова ие болса, ІІ орынға «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМКК студенттері Ертай Райымбек, Жанболат Сейдуллаев ие болды, ал ІІІ орынды Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМКК студенттері Жұмабек Асыл, Сержан Төлегенов және Жарасқан Ермекбаев бөлісті.
Барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.