Алаяқтар WhatsApp желісі арқылы алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Қауіптің тағы бір түрі – жіберілген медиафайлды ашуға арналған қосымшаны жүктеу.

Алаяқтар ватсап желісі арқылы алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Киберқауіпсіздік сарапшылары месенджерде жіберілетін дайын құттықтау хаттарды ашуға асықпау керек дейді. Себебі, хакерлер арам ойын іске асыру үшін құттықтау сөздер жазылған суреттерді пайдалануы мүмкін.

ІТ саласын меңгерген әккі айлакерлер адамдардың атынан фишингтік сілтемелері бар ашық хаттарды жібере алады. Ал құттықтау хабарламасын ашқан соң түрлі платформалардағы аккаунтыңыз бірден жойылуы ықтимал.

Қауіптің тағы бір түрі – жіберілген медиафайлды ашуға арналған қосымшаны жүктеу. Мұндай әрекет қолданушының жеке мәліметінің ұрлануына әкеледі.

Ватсаптан келер қауіптен сақтанудың жолы – барлық қолжетімді қызметтерде құпия кодты ешкімге айтпай, жақын туысыңыздан келген күмәнді сілтемелерді ашпау дейді мамандар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *