«Нұр» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Рудный қаласына іс-сапармен келіп, «Нұр» мешітінде жамағатпен кездесу өткізді.

Жұма уағызын жүргізген соң, ол мешіттің бұрынғы имамы Сабыржан Есмурзинге халық атынан ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.

Сапар барысында Бас имам жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Нұр» мешітіне жаңа Бас имам болып тағайындалған Серік Рақымды таныстырды. Ол бұған дейін Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешітін басқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *