АЭС бойынша референдум: дауыс беру қорытындысы жарияланды

Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін айтты

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 284 мың 487 адам.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны – 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайыз. Осылайша, референдум өтті деп саналады.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *