Рудныйлық оқытушы Республикалық байқауда 2 орынға ие болды

13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті.

Аталмыш байқауға қатысқан оқытушылар үш кезең бойынша бақ сынасты. 1 кезеңде оқытушылар ортадан жоғары (В2) деңгейіне сай қазақ тілін заманауи технологияларды қолдана отырып сабақ үлгісін дайындады.

Екінші кезеңде қатысушылар Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелеріне негізделген, сондай-ақ қатысушының педагогикалық білімін сынайтын әдістемелік сұрақтарға жауап берді.
Ал, үшінші кезең бойынша байқау қатысушыларына В2 деңгейіне сәйкес келетін өзге этнос өкілдерінен тұратын сынама топқа сөйлеу әрекетінің 4 дағдысы бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) сабақ өткізді.

Аталған байқауда Қостанай облысының намысын қорғаған Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскер-оқытушысы Лаззат Утемуратова жүлделі 2 орынды қанжығасына байлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *