Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер қазақ тілі мен тарихын қаншалықты деңгейде білуі керек: министр бұйрығы шықты

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Қазақстан азаматтығын алу кезінде Қазақстанның мемлекеттік тілін, тарихын және Конституциясын білу көлемі бекітілді.

«Параграф» ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы» 2024 жылғы 8 қазандағы № 479 бұйрығы жарияланды.

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттiк тiлдi қарапайым деңгейде бiлу көлемi кемiнде 36 (отыз алты) бал, Қазақстан Республикасы Конституциясының негiздерi кемiнде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихын бiлу көлемi кемінде 15 (он бес) балл болып бекiтiлсiн», — делінген құжат мәтінінде.

Бұйрық 12 қазанда күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *